ШҚО-да Үржар аудандық сотының жаңа ғимараты ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-да Үржар аудандық сотының жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Абай Рахметулиннің айтуынша, бұл - Жоғарғы сотпен бекітілген типтік жобамен салынған республикадағы бірінші ғимарат. Ол сот даулары қарастырылатын ғимараттарға қойылатын барлық талаптарға сәйкес келеді.

Үржар аудандық соты үш құрамды болып табылады. Соттың жаңа ғимаратында 12 кабинет, сот отырысының 2 залы, мәжіліс залы, прокурорлар мен қорғаушыларға арналған кабинет, медиация бөлмесі, келушілердің күтуге арналған залы мен куәгерлер бөлмесі, ақпараттық дүңгіршек, мұрағат орналасқан. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарланады.

Салтанатты шараның құрметіне Үржар аудандық сотына «Skoda Rapid» қызметтік көлігінің кілті табысталды.

Соңғы жаңалықтар