ШҚО-да Ұлыстың ұлы күні қарсаңында журналистер марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында журналистер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында облыстағы журналистер қауымы марапатталды. Шараның ұйымдастырылуына ҚР Журналистер одағының ШҚО филиалы мұрындық болған.

«Өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, аймақ журналистикасының дамуына үлес қосып жүрген әріптестерімізге Алғыс хаттар тапсырдым. Осы шараның ойдағыдай өтуіне қолдау білдірген «Казцинк» компаниясына, Аягөз, Ұлан, Катонқарағай, Бесқарағай, Көкпекті аудандарының әкімдеріне, кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровқа алғыс білдіремін», - деді филиал төрағасы Азамат Қасым.

Оның айтуынша, былтыр журналистер күнінде спорттық сайыстар ұйымдастырылған болатын. Алдағы уақытта да тілшілер қауымының ауызбіршілігін арттыру мақсатында түрлі шаралар атқарылмақ.

Айта кетейік, шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарының 11 қызметкеріне Алғыс хат пен қоса қаржылай сыйақы табысталды.


Соңғы жаңалықтар