ШҚО-да Ұлттық ұлан сарбаздары 1 күнде бірнеше ұрыны ұстады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық ұлан сарбаздары 1 күнде бірнеше ұрыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен демалыс күндері 5518 әскери бөлімінің сарбаздары бірнеше ұрыны қолға түсірді.

«Сағат 20.00 шамасында «102» арнасына қоңырау шалған азамат саяжайына белгісіз біреудің терезе арқылы ұрлыққа түскенін айтқан. Ұлттық ұлан жауынгерлері бірден сол маңға аттанып, 55-60 шас шамасындағы ер адамды байқайды. Сарбаздарды көрген ол қаша жөнелген. «Джесси» лақап атты қызметтік иттің көмегімен күдікті көп ұзамай қолға түсті. Үлбі полиция бөліміне жеткізілген ер адам өз кінәсін мойындаған», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Өскемендегі «Березка» дәмханасында Ж. есімді тұрғынның телефоны ұрланды. Сағат 22.40-де Гоголь көшесінде ұсталған күдіктіден қолды болған телефон мен ұзындығы 21 сантиметрлік пышақ тәркіленді.

«Бұдан бөлек, «102» арнасына хабарласқан жәбірленуші Мызы көшесіндегі тұраққа қойылған көлігінен белгісіз біреудің 40 мың теңгесін жымқырып кеткенін мәлім еткен. Сарбаздар оқиға орнына бірден жетіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Соның нәтижесінде, Буров көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында ұры құрықталды. Полицияға жеткізілген ер адам өз кінәсін мойындады, - делінген хабарламада.

Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар