ШҚО-да түске дейін ауыл әкімдерінің сайлауында тұрғындардың 50 пайызы дауыс берді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түске дейін ауыл әкімдерінің сайлауында тұрғындардың 50 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, ауылды жерлерде дауыс беру қалаларға қарағанда белсенді өтуде. Өйткені, ауылдағы азаматтар көбінесе өз елді мекендерін басқаратын адамдарды жақсы біледі.

Шығыс Қазақстанда сайлау 194 елді мекенде өтуде. Алдын ала мәліметтер бойынша сағат 12.00-де халықтың келуі сайлаушылардың жалпы санының 50 пайызынан астамын құрап отыр. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, сайлау талапқа сай өтіп жатыр, ешқандай бұзушылықтар тіркелмеген.

Облыстық СЭБ департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы тиіс екенін еске салды.

«Сайлау учаскесінде сайлау комиссияларының мүшелері мен қатар дене қызуы көтерілген, сондай-ақ коронавирус инфекциясының басқа да белгілері бар адамдардың болуына тыйым салынады. Стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді ашар алдында санитарлық өңдеу жүргізу қажет. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, дауыс беруге арналған мекеме толық дезинфекциялануы тиіс, - деді Ғалымбек Алин.


Соңғы жаңалықтар