ШҚО-да тұрмысы төмен 1500 отбасының үйіне улы газ датчигі орнатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тұрмысы төмен 1500 отбасының үйіне улы газ датчигін орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір құтқарушылары ерекше шара өткізді. Олар көпке танымал «Тақтар ойыны» фильміндегі ең танымал «қыс таяды» сөзін қолдана отырып, кезекті рейдке аттанды. Бұндағы мақсат – тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақыру.

«Аралау кезінде өрт қаупі жоғары үйлер анықталды. Құтқарушылар көптеген бұзушылықтарға жол берілген тұрғын үйлерге қызыл түсті «алау« белгісін жабыстырды. Ал сары түсті «алау«- бұл үй қауіпті, бірақ бұзушылықтарды жою әлі кеш емес дегенді білдірсе, жасыл «алау« – барлық талаптарға сай үйлерге жабыстырылған. Құтқарушылар халыққа «қыс таяғанын« және қазірдің өзінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету керектігін ескертті», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ департамент мамандары 1500-ден астам әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне улы газ датчигін орнатты. Өткен жылыту маусымында осындай датчиктердің арқасында 23 адам, оның ішінде 17 бала құтқарылған.


Соңғы жаңалықтар