ШҚО-да түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізбек болған екі адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түрмеге қоршауынан насыбай мен телефон лақтырмақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ 156/3 колониясының қызметкерлері тыйым салынған заттарды кіргізбек болғандардың жолын кесті.

Түрме қоршауының маңынан 49 жастағы Өскемен тұрғыны ұсталды. Ол түзету мекемесінің аумағына скотчпен оралған екі түйіншекті лақтырмақ болған. Оның ішінен сим-карталар, карта мен бес ұялы телефон табылды.

«Бұдан бөлек, колонияға 5 бөтелке насыбай кіргізбек болған адам ұсталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Анықталғандай, құқық бұзушы жеке көлігімен түрме маңына жетіп, насыбайды қоршау сыртынан ішке лақтырмақ болған. 30 жастағы өскемендік кінәсін мойындап отыр», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар