ШҚО-да түрме қызметкерлері концлагерьдің бұрынғы тұтқынын мерекемен құттықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түрме қызметкерлері концлагерьдің бұрынғы тұтқынын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ 156/6 мекемесінің қызметкерлері концлагерьдің бұрынғы тұтқыны Леонид Симаковты Жеңіс күнімен құттықтады.

Леонид Васильевич түзету мекемесіндегі мұражайға келіп, жас қызметкерлерге өзінің басынан кешкенін айтып берді.

Ол Витебск облысында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Соғыс басталған кезде небәрі 4 жаста болған.

«Соғыс кезінде мені анам, әпкем және екі ағаммен бірге Германияға апарып, тұтқындарға арналған еңбек лагеріне қама ды. Ол жерде 2 жыл тұрып, 1945 жылдың сәуірінде босатылдық. 1941 жылы тамызда фашистер менің әкемді атып өлтірді. Анам төрт баламен қалды. Содан кейін гитлершілдер менің әпкем Марияның партизан отрядында екенін біліп қойды. Фашистер анамды аяусыз ұрып-соғып, азаптады. Әрең тірі қалған ол тұтқыннан босатылғаннан кейін ауруханаға түсті. Бірақ көрген азабының салдарынан денсаулығы қалпына келмей 1946 жылы қайтыс болды», - деп еске алады Леонид Симаков.

Леонид Васильевич 1955 жылы Қазақстанға тың игеру үшін келгенін айтты. 1972 жылы Шығыс Қазақстанға қоныс аударған.

Шемонаиха қаласында ОВ 156/6 мекемесіне орналасып, онда цех технологы, содан кейін АИО бастығы болып жұмыс істеді. 1993 жылы зейнетке шыққан.


Соңғы жаңалықтар