+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

ШҚО-да түрме аумағына телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды

2021 жылғы 11 тамыз 02:20
Бөлісіңіз:
ШҚО-да түрме аумағына телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түзету мекемесінің аумағына ұялы телефондар мен сим-карталардың партиясын лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 156/2 түзету мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды кіргізу әрекетінің алдын алды.

Өскемен қаласының тұрғыны колония қоршауынан таспаға оралған қорапты лақтырмақ болған.

Заңсыз әрекетті мекеме қызметкерлері байқап қалды. Ер адам мекеме маңынан ұсталды.

Өз сөзінде ол қоршау бойымен кешкі серуенге шыққанын алға тартқан.

«Тексеру кезінде қораптан екі смартфон мен сим-карталар табылып, тәркіленді. Ер адам тыйым салынған заттарды сотталған танысына лақтырмақ болғанын мойындады. 23 жастағы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беру) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деді ОВ 156/2 мекемесінің басшысы Еркін Кабин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT