ШҚО-да түрме аумағына 3 ұялы телефон лақтырған ер адам жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түрме аумағына 3 ұялы телефон лақтырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға ОВ 156/3 түзету мекемесінде болған. Ер адам тыйым салынған заттарды қоршаудан лақтырып қаша жөнелген. Колония қызметкерлері 41 жастағы азаматты қуып жетіп, ұстап алды. Одан скотчпен оралған заттар тәркіленді.

«Ер адам үш смартфонды түрме аумағына кіргізбек болды. Күдікті колонияның жедел бөліміне жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдар беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ақпаратта.

Түзету мекемесінің қызметкерлері істі сотқа жіберді. Сондай-ақ сол «сәлемдеменің» кімге тиесілі екендігі анықталды. Түрмеде жазасын өтеп жатқан 31 жастағы сотталған адам да жауапкершілікке тартылмақ.


Соңғы жаңалықтар