ШҚО-да туризмді дамытудың Жол картасы жасалмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан елімізде туризм интустриясын дамыту үшін ең тартымды аймақтардың бірі. Бұл туралы дүйсенбі күні ҚР Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылау бойынша өткен активте айтылды.

2011 жылдан бері аймаққа келген қонақтардың саны 2,5 есеге көбейгені хабарланды. Нақты экономиканың бұл секторының одан ары дамуы оған құйылатын инвестициялардың өсіміне, қызмет көрсету сапасының артуына, көрсетілетін қызметтер саласының кеңеюіне септігін тигізуі тиіс.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туризм үшін инфрақұрылымның дамуына ерекше назар аударды. Оның басты басымдығы - жұмыс орындарының көптеп құру мүмкіндігінде. Мультипликативтік тимділікті ескере отырғанда, бұл сала депрессиялық аймақтардың да экономикасын көтеруге икемді», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

«Президент тапсырмаларын орындау кезінде бізге туристік кластерді бұдан да нақтырақ дамытумен, болашағы зор әрі тиімді бұл салаға инвестицияларды, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тартумен айналысу керек», - деп атап өтті ол. Әкім сәйкес ведомстволарға ел Президентінің Жолдауындағы міндеттерді ескере отырып туристік саланы дамытудың «Жол картасын» жасап, бекітуді тапсырды.

Бұдан басқа, Үржар ауданының әкімдігі, туризм және сыртқы байланыстар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларына жағалауды нығайту жұмыстарын өткізу мәселелерін қарастыру, Алакөл көлінде инвесторларды тарту арқылы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи демалыс базасын салу тапсырылды.

Қатон-Қарағай ауданының әкімдігі, туризм және сыртқы байланыстар басқармасына туристік ақпараттық орталықтың орналасу орнын анықтап, оның қызметі мәселелерін шешу тапсырмасы берілді.

Соңғы жаңалықтар