ШҚО-да туристік маусымға белсенді дайындық жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданында туристік маусымға белсенді дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Үржар ауданына жасаған жұмыс сапары барысында аудандық ауруханаға бас сұқты. Мұнда Алакөлге демалуға келген туристтер үшін тиісті жағдай жасалған. Қазіргі уақытта аурухана туристік маусымның ашылуына толықтай дайын. Онда оттегі станциясы, ПТР-зертхана бар, компьютерлік томограф және рентген-аппарат та орнатылған. Сондай-ақ медициналық мекемеде Өскемен мен Семей қалаларындағы клиникалардан шақырылған дәрігерлердің қатысуымен күрделі нейрохирургиялық оталар жүргізіледі.

«Үржар аудандық ауруханасының ақ халаттылары Израиль, Литва және Ұлыбритания елдерінде іс-тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін арттырған. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», - деді Даниал Ахметов.

Қазіргі уақытта аудан бойынша туристік маусымға белсенді дайындық жүргізілуде. Бұл бағытта аудандық аурухана да шет қалмайды. Дәрігерлер науқастарға кез келген уақытта көмектесуге әзір.


Соңғы жаңалықтар