ШҚО-да туристер отырған автобус батпаққа батып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 40 турист отырған автобус батпаққа батып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 тамыз күні Абай ауданы Тоқтамыс ауылынан 20 шақырымдай жерде болған.

«Қоңыр әулие үңгіріне бара жатқан автобуста 40 жолаушы отырды. Кенет жол жөнекей қоғамдық көлік батпаққа батып қалған. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері сол жерге шұғыл келіп жетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай олар автобусты сүйреп батпақтан шығарған. Туристтер аман-есен сапарларын ары қарай жалғастырды.


Соңғы жаңалықтар