ШҚО-да тұрғын үйлерге қызыл су қауіп төндірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Аптаға созылған аязда Ертістің суы қатып, Глубокое аудандағы ауылға қызыл су жайылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Глубокое ауданының Уваров ауылында Ертістің арнасына мұз кептеліп, көшеге қызыл су жайылды. Су ауылға екі жерден жайылған.

null 

«Кеше Уваров ауылына Ертістен су жайыла бастағаны туралы хабар түскен. Өзеннің бұл бөлігі онсыз да назарымызда болатын. Сондықтан қызыл судың ауылға  жайылуына жол бермедік. Көлкіген суды ауыздықтауға ауыл тұрғындары да жұмыла көмектесті, - дейді Киров ауылдық округінің әкімі Ерлан Жұмағұлов.

null 

Әкімнің айтуынша, оқиға дер кезінде бақылауға алынбаған жағдайда М.Горький, Ленин, Солнечный, Бейбітшілік көшелерінің 50-ге жуық үйі қызыл судың құрсауында қалар еді. Қазір арнаның мұз кептелген бөлігі аршылып, өзен ернеуіне түскен. Ерлан Жұмағұлов судың қайтуына аяздың сынуы да әсер еткенін айтады. Ал ауылға су кіруі мүмкін жерлердің барлығына бөгет орнатылды.

Соңғы жаңалықтар