+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да Тұңғыш Президент күніне арналған көрме ашылды

2021 жылғы 26 қараша 15:06
Бөлісіңіз:
ШҚО-да Тұңғыш Президент күніне арналған көрме ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Тұңғыш Президент күніне арналған көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семей жасөспірімдері 3 мың Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады Нұрсұлтан Назарбаев туралы 8 сериялы «QAZAQ: Алтын адам тарихы» фильмі көрсетіледі Оқушылар арасында Ұлттық турнир өтіп жатыр

Тұңғыш Президент күніне орай ШҚО қорық-музейінде «Қазақстан жолы. Тарихтағы тұлғаның рөлі» атты көрме ашылды. Көрменің негізін 2007 жылы Тұңғыш Президент Музейінің сыйға берген экспонаттары құрап отыр.

Бұл мемлекеттің даму тарихын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін көрнекі көрсететін кітаптар сериясы, альбомдар, сирек кездесетін фотоқұжаттар.

Облыстық музей-қорықтың қызметкері Гүлбақыт Балтабекова көрме экспонаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Экспозиция қазақстандық қоғамтанушылардың әдебиетіне, Елбасының еңбектеріне бай. Экспонаттардың ішінде Ермұхамет Ертісбаевтың «Қазақстан және Назарбаев: өзгеріс логикасы» атты туындысы бар. Онда Тұңғыш Президентінің өмірбаяны – балалық және жастық шағы, қызметі, қайта құру кезеңіндегі саяси ұстанымы, президенттік кезеңі баяндалған. Сондай-ақ көрмеге Қазақстанның Тұңғыш Президентінің «Қазақстан жолы», «Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында» атты кітаптары қойылды. Олар еліміздің, қазақ халқының тарихында болған қиын-қыстау сәттер, өзгерістер мен оқиғалар туралы баяндайды», - деді ол.

Экспонаттардың ішінде мемлекеттің бірінші басшысының сирек кездесетін фотосуреттері бар. Жалпы, «Қазақстан жолы. Тарихтағы тұлғаның рөлі» көрмесі 70-тен астам экспонаттардан тұрады.

Айта кетейік, көрмені желтоқсан айының соңына дейін тамашалауға болады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT