+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

ШҚО-да түнгі уақытта көше кезген 98 жасөспірім анықталды

2021 жылғы 14 қыркүйек 18:44
Бөлісіңіз:
ШҚО-да түнгі уақытта көше кезген 98 жасөспірім анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түнгі уақытта көше кезген 98 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент тапсырмасы: ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды Елордалық полицейлер бір тәулікте 86 қылмысты ашты Қазақстанда интернет арқылы есірткі таратушыларға қандай жаза қарастырылған

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері өңір бойынша «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасын бастады. Мұндағы мақсат – кәмелеттік жасқа толмағандардың алкоголь, есірткі және психотропты заттарды тұтыну фактілерін анықтау, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу.

«Шараның алғашқы күнінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 121 бала полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері бала тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 17 ата-ананы анықтады. Қазіргі уақытта облыстағы ішкі істер органдарында 309 жасөспірім мен 655 қолайсыз отбасы есепте тұр», - деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасаған 13, алкогольді ішімдік ішкен 12, түн кезінде көше кезген 98 жасөспірім анықталды. Айта кетейік, «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы 19 қыркүйекке дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT