ШҚО-да туберкулезбен сырқаттану деңгейі 38 пайызға төмендеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында туберкулезбен сырқаттану деңгейі 38 пайызға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен, басқарма басшыларымен 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша кеңес өткізді.

«Өнеркәсіп пен аграрлық сектор бойынша қарқынды өсім байқалады. Агроөнеркәсіп кешені саласында 600-ден астам жоба іске асырылып, жаңадан 1500 жұмыс орны құрылды.Құрылыс саласында да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Аягөз және Зайсан аудандарында коммерциялық тұрғын үйлерді пайдалануға берудің оң қарқынын атап өткім келеді. Яғни, аталмыш аудандардың әкімдері жергілікті жерлерде жүйелі жұмыс атқаруда. Барлық әкімдерге бұл үлгі болу керек», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, елді мекен тұрғындары ненің және қашан салынатынын немесе жөнделетінін нақты білуі үшін жергілікті әкімдер ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етуі тиіс.

«Денсаулық сақтау саласында дәрігерлердің үздік шетелдік клиникаларда біліктілігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Онкология және қан айналымы жүйесі аурулары саласындағы мамандарға басымдық берілуде. Бүгінде өңірде туберкулезбен сырқаттау деңгейі 38 пайызға төмендеді. Бұл - ортақ істің нәтижесі», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар