+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

ШҚО-да төтенше жағдай режімін бұзған кәсіпкерлер қамауға алынды

2020 жылғы 26 наурыз 05:18
Бөлісіңіз:
ШҚО-да төтенше жағдай режімін бұзған кәсіпкерлер қамауға алынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 10 кәсіпкер төтенше жағдай режімін бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Өскемен қаласындағы караоке клубының иесі төтенше жағдай кезіндегі шектеуге қарамастан 22.00-ден кейін жұмысын жалғастыра берген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабын бұзған кәсіпкер 15 тәулікке қамауға алынды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Глубокое ауданындағы интернет клубы да заңмен бекітілген уақытта жабылмаған. 23 жастағы кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 күнге қамалды.

«Бүгінде жалпы облыс бойынша төтенше жағдай режімін бұзған 10 кәсіпкер анықталған. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта да тексеру жұмыстарын жалғастырады. Осы ретте, қандай да бір заңбұзушылықты байқаған тұрғындардан полицияға хабар берулерін сұраймыз», - делінген ведомство мәліметінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT