ШҚО-да төтенше жағдай кезінде баласының туған күнін жасаған әйелге айыппұл салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының тұрғыны отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан үйде баласының туған күнін тойлатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде төтенше жағдай режиміндегі шектеуді сақтамағандар анықталуда. 30 наурыз күні әйел адам 14-ке толған ұлының туған күнін жасаған. Осы тектес факті Семейде де тіркеліпті. Наурыздың 28-інде қала тұрғыны жергілікті дәмханалардың біріне қонақ шақырып, сәбилі болуын атап өткен.

«Екі жағдайда да заңбұзушылыққа жол бергендер сот шешімімен 10 АӘК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Осы ретте аймақ жұртшылығына ТЖ кезіндегі шектеулерге жауапкершілікпен қарау керектігін ескертеміз. Заң талаптарының сақталуы коронавирустың таралу қаупін барынша төмендетеді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар