ШҚО-да төтенше жағдай кезінде 1,3 мың тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын бұзған 1 356 адамға қатысты әкімшілік іс қаралған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ТЖ режимі жарияланғаннан бері өңір полицейлері көшелерді патрульдеп, бірнеше мәрте рейд жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде шектеуді сақтамаған тұрғындар анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

«Жалпы өңірімізде ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 1356 және және 479-бабына (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер)қатысты 17 әкімшілік іс қаралды. Сот 845 адамға ескерту жасаса, 284 адамға 10-40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ 227 адам қамауға алынған», - дейді департаменттің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.


Соңғы жаңалықтар