ШҚО-да тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған науқастар саны 1,5 есе артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған науқастар саны 1,5 есе артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы басшысы Ғалымжан Әбіловтың айтуынша, бүгінгі таңда өңір бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар – 1 103 360 адам. Сақтандырылмаған тұрғындар саны 260 208-ді құрап отыр.

«Шығыс Қазақстан жұртшылығына медициналық көмек көрсетуге 2022 жылы 137,1 млрд теңге бөлінген. Азаматтарды амбулаториялық дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етуге 14,9 млрд теңге жұмылдырылды. Осылайша, облыста биыл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны 1,5 есе артты», - деді Ғалымжан Әбілов.

Осы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында МӘМС жүйесіне жұмыс берушілерден, жеке кәсіпкерлерден жарна мен аударым түрінде 15,5 млрд теңге түсті.

«Қор пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда. Ресми кері байланыс арналары – 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, www.fms.kz сайты, Saqtandyrybot Telegram парақшасы, мен денсаулық сақтау министрінің блогы. 5 ай ішінде қор филиалына 17 087 өтініш келіп түсті. Туындаған мәселелерді жүйелі шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚОФ басшысы.


Соңғы жаңалықтар