ШҚО-да таулы жерлерде 4 қаңтарға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін
2021 жылғы 31 желтоқсан 14:05

ШҚО-да таулы жерлерде 4 қаңтарға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 4 қаңтарға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT