ШҚО-да «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты дөңгелек үстел өтті

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Өскемендегі А.С.Пушкин атындағы кітапханада еріктілер қозғалысының жетекшілерімен және «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерімен кездесу өтті. ШҚО Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шараның мақсаты – Қазақстанның 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерін саралап, жастарды туған жердің байлығы мен мұрасын сақтауға үндеу, өскелең ұрпақты патриоттыққа шақыру.

«Тәуелсіздіктің арқасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жас ұрпаққа жақсы мүмкіндіктер берген қуатты, тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет құрылды. Ел болашағы жастардың қолында деп үнемі айтамыз. Сондықтан аға буын, Қазақстанның жас азаматтарын дұрыс бағытта тәрбиелеп, олар жетістікке жетуі үшін қолдау білдіруіміз керек», - деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Арайлым Есімбекова.

Дөңгелек үстел барысында жастар еліміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы пікір алмасты. Олардың пікірінше, лайықты білім алып, аянбай еңбек етіп жүрген жастар сол арқылы мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосып жатыр.


Соңғы жаңалықтар