ШҚО-да таудан аққан қарғын су жер үй аулаларын шайып кетті

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында таудан аққан қарғын су жер үй аулаларын шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар Алтай ауданы Орловка ауылында судың жер үйлерді басуының алдын алды.

Күннің күрт жылытып, қардың жылдам қарқынмен еруі салдарынан тау баурайында орналасқан бау-бақшалар мен 3 үй ауласын қарғын су басты.

«Чапаев ауылдық округі әкімдігінің және ҚР ТЖМ 68303 бөлімшесінің әскери қызметкерлерінің уақтылы атқарған жұмыстарының арқасында тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды су басу қаупі жойылды. Үй аулаларынан еріген суды сору, инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді. Адамдарды эвакуациялау қажет болған жоқ», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, су тасқынана қарсы шараларға 19 адам мен 4 техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар