ШҚО-да тауарлы сүт фермаларының саны өсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тауарлы-сүт фермаларының саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы бүгін ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

Бүгінде өңір осы салада оң нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

«Облыс бойынша 63 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Олардың екеуі өткен жылы пайдалануға берілген. 3 сүт қабылдау пункті бар, алдағы уақытта тағы екеуін ашу жоспарланып отыр. Атқарылған жұмыстардың арқасында былтыр тұрғындардан 63 мың тонна сүт сатып алынды. Фермерлер болса 106 мың тонна сүт өндірді. Бұл жақсы көрсеткіш», - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, шаруалардың элиталық асыл тұқымды мал өсіруге баса назар аударатыны қуантады.

Атап айтқанда, «Багратион» компаниясы 300 басқа арналған ферма ашпақ.

«Аудан әкімдеріне ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігу мәселесіне назар аударуды тапсырдым. Субсидия беру жағын да мұқият қарастыру қажет. Егер жем-шөп базасы жеткіліксіз болса, онда мұндай шаруашылықта мал шаруашылығын субсидиялаудың қажеті жоқ. Барлығын жіті зерттеп, есептеу керек. Оның үстіне, қазір жайылымдық жерлерді тікелей пайдалануға қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар