ШҚО-да тау өзендерінің тасу қаупі сақталады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжауынша, Шығыс Қазақстан аумағында алдағы бірнеше күн жауын-шашынды болмақ. Бұл тау өзендерінің тасуына соқтыруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кеше Алтай ауданында Тұрғысын өзенінің суы көтерілсе, Риддер қаласының саяжай массивіне су жайылған. Оқиға орнына жеткен тиісті қызмет өкілдері жағдайды бақылауға алды.

«Дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында саяжай үйлерін су басу қаупі сейілді. «112» арнасына келіп түскен шұғыл хабардың бәрін жедел тексеріп отырмыз.Синоптиктер алдағы күндері облыста жауын-шашын бәсеңсімейтінін айтты. Сондықтан, тау өзендерінің арнасынан шығу қаупі сақталады. Бұл туралы бір күні бұрын ескертілген болатын»,- дейді департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Анастасия Скляр.

Соңғы жаңалықтар