ШҚО-да тасжолдардың бірінде көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, велоспорттан ерлер арасында өтіп жатқан республикалық жарысқа байланысты өңірдегі тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді.

«28 мамырда облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» тасжолы бойында автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жүргізушілерді жолға шығар алдында осыны ескеріп, бағытын алдын ала белгілеп алуын сұраймыз», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 26 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда велоспорттан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Дода 30 мамырға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар