ШҚО-да тасжолда 7 жүк көлігінің дизель отыны қатып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 7 жүк көлігінің дизель отыны қатып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 02:10-да Курчатов қаласында жолда қалған жүргізушілер құтқарушылардан көмек сұрады. Белгілі болғандай, «Шансиман» маркалы 7 автокөліктің дизель отыны қатып қалған. Айта кетейік, облыста ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеді.

«Оқиға орнына келіп жеткен төтенше жағдайлар бөлімі мен №15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 15 азаматты жылыту пунктіне жеткізді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдері тарапынан жүргізушілерге ыстық тамақ берілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар