ШҚО-да тарихшы Әділбек Бегедаев «Қазақстанның тарихи дамуының диаграммасын» паш етті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада танымал тарихшы Әділбек Бегедаев 1465 жылдан басталатын қазақ хандығының тарихы туралы онлайн-дәріс өткізді.

Аталған шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған. Кездесуде тарихшы білім, мәдениет, түрлі саладағы қызметкерлерге өзі дайындаған «Қазақстанның тарихи дамуының диаграммасын» көрсетті.

Өз еңбегінде Ә.Бегедаев қазақтың хандарына, сол кездегі қазақтың тарихына етене тоқталды.

Тыңдаушылардың пікірінше, ұсынылған диаграмма Қазақстанның 550 жылдан астам тарихының анық картинасын беретін оқиғалардың қисынды тізбегі қамтылған ерекше ғылыми-тәжірибелік еңбек.

Қатысушылар дәріскерге халықтың түп-тамырынан хабардар ететін диаграмманы әзірлегені үшін зор алғыстарын білдірді, деп хабарлайды аталмыш кітапхананың директоры Қабиба Ақжігітова.

Соңғы жаңалықтар