ШҚО-да такси жүргізушісі масаң күйде жолаушы тасыған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Алтай қаласында масаң күйде рөлге отырған такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Аузына ішімдік тигеніне қарамастан көлік айдап, масаң күйде жолаушы тасымалдап жүрген такси жүргізушісін полиция қызметкерлері «Автобус» жедел-алдын алу шарасы кезінде ұстаған.

Алтай қаласының Курчатов көшесінде LADA GRANTA көлігін қалалық жол-патрульдік қызметкерлері тоқтатады. Кейін ол көліктің такси компаниясына тиесілі екені анықталған. Ал такси тізгіншісі сақшылардың сұрағына дұрыс жауап қата алмай, күдікті әрекеттер жасаған. Арнайы тексеру 27 жастағы таксишінің жеңіл дәрежеде мас екенін дәлелдеп берген.

«Атвобус және такси жүргізушілері 3 күндік шара барысында 667 рет жол ережесін бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталды. Оның 67-сі қоршаған ортаны ластау бойынша, 103-і рөлде отырып телефонмен сөйлескені үшін, 114-і маневрді дұрыс жасамағаны үшін, 69-ы жылдамдықты арттырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Жауапқа тартылған жүргізушілердің 21-і автобус парктерінде қызмет етеді» - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметшісі Азамат Раисов.

Соңғы жаңалықтар