ШҚО-да тағы да жүк пойызы рельстен шығып кетті
2022 жылғы 22 маусым 19:53

ШҚО-да тағы да жүк пойызы рельстен шығып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тағы да жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 22 маусымда Серебрянск қаласының маңында болған.

«Көкжиек-Күмістау теміржол учаскесінің 95-ші шақырымында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - делінген ақпаратта.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта учаскеде қозғалысты қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, биыл сәуір айында ШҚО-да жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT