Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

ШҚО-да сыныптың төбесіндегі сылақ құлады: үш оқушының миы шайқалып, бірінің қолы сынған

2017 жылғы 18 қараша 02:37 181
Бөлісіңіз:
ШҚО-да сыныптың төбесіндегі сылақ құлады: үш оқушының миы шайқалып, бірінің қолы сынған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  ШҚО білім басқармасы Шемонаиха ауданындағы мектепте сыныптың төбесіндегі сылақ құлауы салдарынан жарақат алған оқушылардың жағдайы бірқалыпты екендігін хабарлады. Қазіргі таңда олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Балалар таңға дейін дәрігерлердің бақылауында болады, одан соң олар үйлеріне жіберіледі. Ал оқу басқа сыныпқа ауыстырылды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Шемонаиха ауданы Усть-Талов ауылы Астафьев атындағы орта мектепте күндіз сыныптың төбесіндегі сылақ құлап түскен. Оқиға салдарынан 3-сыныптың төрт оқушысы зардап шекті: екеуі - қыз бала, екеуі - ұл. Үшеуінің миына зақым келген, біреуінің қолы сынған. Оқушылар орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Сылақтың қалыңдығы 10 см болған. Кесек сылақтар құлап түскен сәттегі соққының күшті болғандығы сондай, парталардың бірінің беті қақ бөлініп түскен.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Ербол Жанат

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT