+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

ШҚО-да сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекетке 502 млн теңге залал келтірілген

2020 жылғы 24 қаңтар 20:12
Бөлісіңіз:
ШҚО-да сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекетке 502 млн теңге залал келтірілген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекетке 502 млн тенге залал келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті Жұртшылықтың белсенді қатысуынсыз жемқорлықты жою мүмкін емес - Расул Медетов «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясына қатысушыларға 4 млн теңгеден астам сыйақы төленді

Есеп беру жиынында ШҚО бойынша ҚР жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет былтыр облыс көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 137 қылмыс тіркелгенін айтты.

Осының салдарынан мемлекетке 502 млн теңге мөлшерінде залал келтірілген. Бүгінде бұл қаражаттың 61% қайтарылған.

«Өңірімізде тұрмыстық сипаттағы парақорлықтың жолын кесу мақсатында «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы сәтті жүзеге асуда. Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша да бірқатар шаралар атқарылған. Бізге өтініш білдірген бизнес өкілдерінің 90%-на көмек көрсетілді. Нәтижесінде 21 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 16 адам жауапқа тартылған», дейді Ерлан Жалмағамбет.

Сондай-ақ «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жобасы аясында 1500 мемлекеттік мекеме өз бюджеттері туралы ақпараттарын ашық түрде орналастырған. Осының арқасында азаматтар әр қаражаттың нақты қандай мақсатта жұмсалғанын қадағалап отыруға мүмкіндік алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT