ШҚО-да су тасқынына қарсы шаралар басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы шаралар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Өскемендегі Ахмер ауылында және Шығыс кентінде жаңа арықтар салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында, Защита, Нефтебаза, Шмелев Лог және Красин кенттерінде арық арналары тазалануда.

«Қыста қардың аз болуы нәтижесінде қалада қар жабынының биіктігі 15 см құрап отыр. «Қазгидромет» мамандарының дерегінше, жердің тоңы 58 см, кейбір жерлерде 120 см құрайды. Согра шағын ауданындағы тау шаңғысы базасы ауданында Безымянный бұлағы қатып, оны «Таза Өскемен» мекемесінің қызметкерлері ыстық сумен шайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде жағдай тұрақтанды», - делінген ақпаратта.

Маховка өзенінің жағалауын «Восточник-6» бау-бақша қауымдастығының оң жағынан нығайту жұмыстары басталды. Су тасқыны қаупі бар кезеңге 27 мотопомпа мен арнайы техникалар дайындалған.

«Ыдыс-қаптар мен инерттік материалдар әзірленді. Төтенше жағдай болып жатса халықты қаладағы 5 орта мектепке, 3 қонақүй мен «Үлбі» медициналық-әлеуметтік орталыққа орналастыру жоспарланған», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар