ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

ШҚО-да су тасқынына дайындық жұмыстары қазірден басталып кетті

2022 жылғы 28 қыркүйек, 03:30
ШҚО-да су тасқынына дайындық жұмыстары қазірден басталып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына дайындық жұмыстары қазірден басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көктемде елді мекендерді су басып, халық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болып жатады. Осы ретте, су тасқынына қарсы шараларды алдын ала жүргізудің маңыздылығы зор.

Су тасқынына дайын болу үшін қазірдің өзінде бірқатар шара қолға алынды. Оның ішінде арнайы жол картасының талаптары орындалуда. Былтыр алдағы үш жылға жоспарланған 21 шараның жетеуі толықтай іске асты. Қазіргі уақытта Катонқарағай, Тарбағатай және Алтай аудандарында 9 шара жүзеге асырылуда.

Бұдан бөлек, Өскемен қаласы Ахмер кентіндегі Сейфуллин көшесінде арық жүйесін жайластыру және Шмелев Лог кентінде ұзындығы 600 метр науа желісін төсеу арқылы арық жүйесін жаңарту, Риддердегі Чесноковка өзенінің түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді.

«Мамандарымыз тұрақты мониторинг жүргізіп тұрады. Жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар учаскелерге бірнеше рет тексеру жасалды. Жалпы облыс бойынша су тасқыны қаупі жойылған елді мекендердің саны 15-ке жетті», - дейді департаменттің ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Ерлан Балтабаев.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar