ШҚО-да су тасқыны жүруі мүмкін 108 елді мекен анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстың тау өзендеріндегі қар мөлшері орташа жылдық нормадан 20-50%-ға жоғары. Сондай-ақ Шемонаиха, Шар қалаларында және Шалабай, Семиярка, Дмитриевка, Катонқарағай, Көкпекті, Самар ауылдарында қар жамылғысындағы ылғал қоры нормадан 1,5-2 есеге артық.

Қазірде облыстың 3 қаласы мен 15 ауданында су тасқыны жүруі мүмкін 108 елді мекен бар. Алдын алу шараларының нәтижесінде 26-сында тасқын қаупі жойылса, 52-сінде барынша азайтылды. 30 елді мекенде су тасқыны ауа райы нашарлаған жағдайда ғана болуы мүмкін.

«Бүгінгі таңда облыста 246,7 мың текше метр қар шығарылды. Тұрғын үйлерді еріген судан қорғау үшін ыдыс-қап пен инертті материалдар дайындалған. Жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп, 118 шақырым арық тазартылды», - делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар