ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде
2022 жылғы 14 наурыз 22:56

ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында үйлерді қарғын су баспас үшін 1 млн 400 мың теңге бөлінді. Нәтижесінде, Жура өзенінің арнасын тереңдету және «Новопопровка-Петропавловка» тасжолындағы көпірден бастап Әуезов атындағы орта мектепке дейінгі аралықтағы жағалауда топырақ үйіндісі орнатылды. Мұнда 39 үйді су басу қаупі бар.

Ауылда шамамен 60 жыл тұратын Анатолий Романовтың айтуынша, биыл жасалған үйінді Гагарин мен Береговая көшелерімен судың өтуіне мүмкіндік бермейді. Ал қазылған ор ауылдың батыс бөлігінің тұрғындарын қорғайды.

«Қазіргі уақытта су тасқынына қызу дайындық жүргізілуде. Семей қаласында жергілікті атқарушы органдардан, құтқарушылардан басқа алдын алу жұмыстарына ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің жеке құрамы тартылды.

Олар Ертіс ауылдық округінде, Восточный кентінде және Бейбітшілік аралында кең ауқымды жұмыс жүргізеді», - делінген ақпаратта.

68303 әскери бөлімінің қызметшілері жұмыс барысында 385 метр арық жүйесін мұздан және 650 метрін қамыстан тазартты. 65 метр жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп, 195 метр су бұру арналары тазаланды.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT