+7 (701) 759 90 19
USD 430.99 EUR 515.29
RUB 5.69 CNY 65.99
Jańalyqtar

ШҚО-да су тасқыны қаупіне орай өзендерге тікұшақпен мониторинг жүргізілді

2021 жылғы 8 сәуір 19:00
Бөлісіңіз:
ШҚО-да су тасқыны қаупіне орай өзендерге тікұшақпен мониторинг жүргізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мамандар өзендерге тікұшақпен мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО: Ертіс өзенінде балықтың неден қырылғаны белгілі болды Алматылықтар тротуарда шашылып жатқан қолданылған шприцке алаңдаушылық білдірді Батыс Қазақстанда 2,5 тонна балық тиеп келе жатқан автокөлік ұсталды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен «Қазгидромет» РМК мамандары Ертіс пен Уба өзендеріндегі жағдайды тікұшақпен бақылады.

«Өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Бірақ су қауіпті деңгейден аспаған. Қазір жер-жерде қар жылдам еріп жатыр. Өңір аумағының қармен жабылған аумағы соңғы апталарда 33 пайызға дейін азайды. Риддер қаласында, Катонқарағай, Бородулиха аудандарында қар жамылғысының биіктігі 50 см-ден аспайды, тек Алтай ауданында – 71 см, - дейді ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

Семей қаласы мен Алтай, Күршім, Бородулиха, Шемонаиха, Катонқарағай аудандарындағы мұз кептелуі мүмкін 19 учаскеде профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 9,5 тоннадан астам жарылғыш зат пайдаланылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT