ШҚО-да су тасқыны қаупі жоғары 7 аудандағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізіледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу мақсатында өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша Алтай ауданындағы Бұқтырма, Тұрғысын, Шемонаиха және Бородулиха аудандарындағы Уба, Глубокое ауданындағы Глубочанка, Үлбі өзендері, сондай-ақ Үржар мен Көкпекті аудандарындағы таудан ағатын қар суы елді мекендерге қауіп төндіруде. Осыған қарай бүгінде тасқынның алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған.

«Осы уақытқа дейін облыста 816,5 мың текше метр қар шығарылды. 79,6 мың дана ыдыс-қап, 4,5 мың тонна инертті материалдар дайындалған. 7 аудандағы өзендерде мұз жару жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазірде Шемонаиха және Бородулиха аудандарындағы Уба өзенінде мұз жарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар