+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

ШҚО-да су басқан ауылдың тұрғындары эвакуацияланып жатыр

2021 жылғы 9 сәуір 23:10
Бөлісіңіз:
ШҚО-да су басқан ауылдың тұрғындары эвакуацияланып жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Бородулиха ауданы Новопокровка ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда еріген қар суы жолды басып қалды Су тасқынынан зардап шеккендерге 43 млн теңгенің көмегі көрсетілді - СҚО Кіші Алматы мен Есентай өзендеріне су деңгейін өлшетін қондырғы орнатылады

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері Новопокровка ауылында тұрғындарды жедел эвакуациялауда.

Елді мекендегі жер үйлерді су басқан.

«Су деңгейі 10-нан 30 сантиметрге дейін жетеді. Қазіргі уақытта 10 тұрғын үйден эвакуацияланған азаматтар туыстарының баспаналарына орналастырылатын болды. Сонымен қатар мектепте және әкімдікте эвакуациялық пункт дайындалған» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнына департаменттен, жергілікті атқарушы органнан және 68303 әскери бөлімнен 83 адам мен 19 техника, 3 жүзу құралы, 5 мотопомпа жұмылдырылған.

400 дана ыдыс-қап төселді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT