ШҚО-да студенттер онлайн режимде тәжірибеден өтуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері канвасс платформасы бойынша қашықтан білім алуда, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Колледж директоры Фархад Құрмановтың айтуынша, іштей бөлімде 1138 студент оқиды.

«Әуелде қашықтан оқыту жүйесіне көшу барысында бірқатар қиындық туындағаны рас. Алайда мұның бәрі уақыт өте келе шешімін тапты. 15 студентке бір жылдық абонементі бар роутерлерді тегін тараттық. Олар әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққандар және жетім балалар», - дейді ол.

Колледж директорының айтуынша, бұдан бөлек интернет желісі нашар жерде тұратын 19 студентке флешкамен ақпараттар берілген.

«Ұстаздар қауымы қашықтан оқыту жүйесіне көшу барысында 100-ге жуық видео сабақ дайындады. Оны біздің колледждің ютуб каналынан көруге болады. Сонымен қатар колледждің ресми сайтында канвасс платформасына енгізілмеген электронды кітаптар қойылған. Бұл өз кезегінде студенттердің сапалы білім алуы үшін жасалуда. Ал 2-3 курс студенттері іс-тәжірибеден онлайн режимде өтіп жатыр», - деді Фархад Құрманов.


Соңғы жаңалықтар