+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

ШҚО-да стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды

2021 жылғы 15 қыркүйек 09:21
Бөлісіңіз:
ШҚО-да стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында ер адамның стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болғаны иісшіл иттің көмегімен анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды Атырауда 24 жастағы бойжеткен психотропты дәрілерді заңсыз сатқан Шу тұрғынынан 5 келіге жуық «гашиш» табылды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Берлин» лақапатты неміс овчаркасы көлік салонында тыйым салынған заттың бар екенін анықтаған.

Шемонаиха ауданында орналасқан «Рубеж» стационарлық бекетінде «Volkswagen» автокөлігі тоқтатылды.

Сол кезде иісшіл ит көліктегі жолаушылардың бірінде есірткі болуы мүмкін екенін білдіріп, белгі берген.

Жеке тінту барысында Усть-Таловка кентінің 41 жастағы тұрғынының қалтасынан полиэтилен пакетке салынған өсімдік тектес, жасыл түсті, өткір иісті зат табылды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 1,08 грамды құраған тәркіленген зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT