ШҚО-да сотталған әйелдер 22 наурызға орай 22 көйлек тікті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сотталған әйелдер 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай 22 көйлек тікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ-156/16 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар толықтай жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 10%-дан астамы – әйелдер.

Олар тігін орындарында өздерінің сүйікті істерімен айналысуда. Наурыз мейрамына орай сотталған азаматшалар 22 ұлттық көйлекті арнайы тікті.

«Бала кезімнен тігіншілікпен айналыстым. Төсегімнің жанында аяқпен басқаратын тігін машинасы бар еді. Сегіз жасымнан бері онда қуыршақтарға арнап түрлі заттар тіге бастадым. Жалпы, әжем кәсіби тігінші болған адам. Жұбайым екеуіміз студент кезімізде ансамбльде халық билерін биледік. Сөйтіп, бір күні ұлттық костюм тігіп көрдім», - дейді сотталғандардың бірі.

Өз сөзінде ол басына сынақ түсіп, темір торға қамалған сәтте де сүйікті ісін жалғастырып жүргенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар