ШҚО-да сотталған 80 адам жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін колонияға жіберілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сотталған 80 адам жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін колонияға жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үлбі аудандық пробация қызметінің мамандары есепте тұрып жазасын өтеу шарттарын бұзған 80-ге жуық сотталғанды анықтады. Олардың барлығына аталмыш шарттарды сақтамаған жағдайда жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыруға ауыстырылатындығы жайлы ескертілген. Тиісті қорытынды жасамағандардың ісі сотқа жолдады.

«Пробация қызметінің есебінде тұрғандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстарға жол бермеу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Белгілі болғандай, 80-ге жуық адам жазаны өтеу шарттарын қасақана бұзған. Олардың 75-і колонияға жіберілді. Ал бесеуіне қатысты іс сотта қаралуда», – дейді аудандық бөлім бастығы Алмас Бұйратов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Үлбі аудандық пробация қызметінде 300-ден астам есепте тұр.


Соңғы жаңалықтар