ШҚО-да сот арқылы мектеп директорының орынбасары бұрынғы қызметіне қабылданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы мектеп директорының орынбасары М. «Солоновка орта мектебі» КММ-не  жұмысқ қайта орналастыру және мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін еңбекақы төлеу туралы талап-арызы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық сотына  жүгінді.

Сот мектептің әкімшілік-шаруашылық бойынша директорының орынбасары бұйрықпен өзінің еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамағаны үшін жұмыстан босатылғанын анықтады. Ол жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін, яғни мектеп аумағын қадағалаусыз қалдырғандықтан қатаң ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылған. Алайда, мектеп директоры орыбасарын  жұмыстан босату туралы бұйрықтың шығарылуы мен еңбек келісімшартының бұзылуын, жауапкер еңбек заңнамасын бұза отырып, заңсыз орындаған.

Сот, аталған азаматтық істі қарай келе, Солоновка орта мектебінің директорының бұрынғы орынбасарының жұмыс орнына қалпына келтіру және мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін еңбекақы төлеу туралы талап-арызын қанағаттандырды. Мектеп директоры бұйрығының күші жойылып, азамат М., жұмысқа қайта орналастырылды. Оған қоса, сот жұмыс берушіден азамат М-ның пайдасына  амалсыз бос жүрген уақыттарына еңбекақы өндірді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар