ШҚО-да соңғы тәулікте 6 өрт болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 6 өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 қазан күні Алтай ауданы Соловьево кентіндегі шаруа қожалығының қорасы өртенген. Жалынның жалпы ауданы 9 шаршы метрге жеткен.

«Сол күні Риддердегі Бутаково ауылында монша жанды. Өрт көршілес орналасқан қараусыз қалған үй мен шаруашылық қора-жайға жайылды. Құтқарушылар жалпы ауданы 80 шаршы метрді құраған тілсіз жауды өшірді. Өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін», - делінген ақпаратта.

Глубокое ауданындағы Тоқтаров көшесінде жеке тұрғын үй ауласында орналасқан қора-жайдың ағаш құрылымдары отқа оранған. Қызыл жалын 40 шаршы метр алаңдағы құрғақ шөпке де тарап кетті.

«Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер отты көп ұзамай ауыздықтады. Сондай-ақ осы күні Үржар және Катонқарағай аудандарында жер үйде өрт шыққан. Бұдан бөлек, Көкпекті ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында 3 тонна шөп өртенген», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар