ШҚО-да соңғы екі жылда заңды бұзған 123 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Прокуратурасы соңғы екі жылда заңды бұзған 123 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Прокуратура осы жылдың бірінші тоқсанында прокурорлардың апелляциялық өтініштері негізінде азаматтық істер бойынша 11 шешімнің күшін жойған. Осының нәтижесінде қадағалау органы мемлекеттік бюджетке келтірілетін 144 млн теңгеден астам шығынның алдын алды.

«Атап айтқанда, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша өңірдегі ЖШС-лардың бірінің пайдасына мемлекеттен 70 млн теңге өндіру туралы сот шешімі бұзылды. ЖШС өкілдері өздерінің талап-арызында мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша шартта көрсетілген жұмыстар көлемінің ұлғайғанын айтып, соған байланысты аталған соманы өндіріп беруді сұраған. Бірақ көрсетілген қосымша жұмыстар бойынша бұрынғы шартқа өзгерістер енгізіліп, талапкерге келісім бойынша қосымша сома берілгені анықталды. Осылайша, шарт бойынша соманы тағы да ұлғайтуға еш негіз болмаған», - делінген ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар тарапынан заң талаптарын бұзу фактілері де назардан тыс қалмауда. Нақты айтқанда, соңғы екі жылда 123 лауазымды тұлғадан сот істерін қарау барысында бұзушылықтар анықталған. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар