+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

ШҚО-да соңғы екі күнде 20 рет дала өртенген

2021 жылғы 2 тамыз 21:30
Бөлісіңіз:
ШҚО-да соңғы екі күнде 20 рет дала өртенген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері 20 рет шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда биыл 70-тен астам монша өртенді Бұқтырмадағы демалыс базасынан шыққан өрт орманға жайылып кете жаздады Алматы орталығындағы өрт: Полиция тергеуді бастады

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстанда 20 рет шөп өртенген. Тілсіз жаудың жалпы ауданы - 309 гектарды құрады.

«Бесқарағай, Абай, Үржар, Күршім, Аягөз және Көкпекті аудандарында дала өртенген. Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндірушілер, орманшылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері және шаруа қожалықтарының жұмысшылары қатысты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бүгінде өңір өрт сөндірушілері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Аймақтағы құрғақ, ыстық ауа райы жағдайды қиындатып тұр. Құтқарушылар күн сайын 10-15 рет тұтанған шөпті сөндіруге шығады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT