USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ШҚО-да соңғы 5 жылда жеке кәсіпкерлердің 11 мың жобасына қолдау көрсетілген

2020 жылғы 17 наурыз 14:19
Бөлісіңіз:
ШҚО-да соңғы 5 жылда жеке кәсіпкерлердің 11 мың жобасына қолдау көрсетілген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен жиында соңғы бес жылда жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолада бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр Алматыда бизнесіне залал келген кәсіпкерлерге өтемақы беріледі 100 мыңнан астам кәсіпкердің өтініш-тілегі Президентке тікелей жеткізілді – Абылай Мырзахметов

Осы кезең ішінде өңір бойынша бизнес өкілдері тарапынан 3 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Кәсіпкерлер палатасы олардың әрқайсысымен жіті танысып, құқығы бұзылғандарға көмек көрсетті. 2019 жылдың өзінде ғана-ақ заңды аттаған 104 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.

«Бес жыл ішінде жер ресурстары саласында 6 интерактивті карта әзірленді. Жеке кәсіпкерлердің 11 мың жобасына қолдау көрсетілген. Адами капиталды дамыту мақсатында мектептерде кәсіби бағдарлауға арналған 122 кеңсе құрылды. Мемлекеттік тапсырыстың 53%-дан астамы техникалық және инженерлік мамандықтарға бағытталған. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 5 мыңнан астам адам білім алды. Өткен жылы палата арқылы көпбалалы отбасыларға, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға бизнес ашу үшін 2 мыңнан астам грант бөлінген», - дейді палатаның баспасөз хатшысы Христина Дорошенко.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 2017 жылдан бастап жиһаздарға барлық мемлекеттік тапсырыс тек жергілікті өндірушілерге берілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT