+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШҚО-да соқтығысқан екі көлік жыраға құлады

2021 жылғы 20 маусым 12:42
Бөлісіңіз:
ШҚО-да соқтығысқан екі көлік жыраға құлады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 4 есеге азайды Ата-анасы ұйықтап жатқанда кетіп қалған: ШҚО-да жоғалған бала табылды Ақтөбеде жол апаттарынан бір күнде 3 адам көз жұмды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Алтай-Зубовск» тасжолының 14-ші шақырымында болған.

«Жолда келе жатқан Chevrolet Niva және Toyota Windom маркалы көліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан екі көлік те жыраға құлаған. Оқиға орнына жәдел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар дереу келіп жетті. Медицина қызметкерлері екі адамды өз беттерімен көліктен шығарған. Ал қыстырылып қалған тағы бір азаматқа құтқарушылардың көмекі қажет болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер Алтай аудандық орталық ауруханасына жатқызылған. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT