ШҚО-да соғыс ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 500 мың теңгеден беріледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Даниал Ахметовтың шешімімен Жеңіс күніне орай Шығыс Қазақстан облысында тұратын Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне 500 теңге сыйға тартылады, деп хабарланды өңірлік ақпарат орталығынан. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.

«Еліміздің шығысында ардагерлерге қашанда зор көңіл бөлініп келген. Биылғы жылы 9 мамыр меркесіне орай ҰОС ардагерлері мен мүгедектері ақшалай сыйлық алады. Сыйақының көлемі Жеңістің 70 жылдығы мен 71 жылдығы кезіндегі деңгейде сақталады. Осылайша, ардагерлердің бейбіт күнде де өздерінің балалары мен немерелеріне көмектесулеріне мол мүмкіндік жасалмақ»,-деді Даниал Ахметов мәжіліс барысында.

Бүгін облыстың қалалары мен аудандарында ҰОС-ның 99 мүгедегі мен 231 ардагері тұрады. Сондай-ақ 25 мың тыл еңбеккері бар. Олардың барлығы да жыл бойына облыстық бюджеттің есебінен шипажайлар мен демалыс орындарында ем қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар